БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан  облысының ,Мақтаарал  ауданы      бөлім бөлімінің №1 «Саят» бөбекжай -бақшасы мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорны
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы)Түркістан облысы,Мақтаарал ауданы,Мақтаарал ауыл округі,Өркениет ауылы, Ж.Ибраев көшесі 52А ст-е.
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон :8-775-352-55-52электронды поштасы:dzhamilya.akbarova@mail.ru    https://saiat.baqsha.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Джунускулова Райхан Мейрамбековна «Саят» бөбекжай-бақшасы 2025 жыл 19 мамыр № 317 –ж/қ бұйрығымен бақша меңгеруші м.у.а  лауазымына тағайындалды.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен. БСН 080740001275 алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 02.07.2008 жыл.
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2025 жылғы 03 ақпан №KZ65RVK00062949хабарлама берілген.        
7Құрылған жылы2007 жыл
8Типтік ғимаратбір қабатты типтік
9Топтар саны3топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым; ІІ ауысым
13МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 75 балаға арналған. 28.09.2018 жылы  № 17-4-7-3-3198 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 75 орындық, қазіргі таңда 70 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 17.30 сағатқа дейін, 9,5 сағат  жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 70 тәрбиеленуші  3 топқа «Балапан»  кіші  тобына, «Балдаурен» ортаңғы тобы, «Қарлығаш» ересек  тобына топтастырылған.

Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын  бөлмелері, меңгеруші, әдістемелік, психолог,  бөлмелері, музыка залы бөлмесі,медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі,асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады.Су,электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды.Медициналық  кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші бөлмесі;

— Әдістемелік бөлмесі;

— Психолог бөлмесі;

— Музыка залы

— Теледидар – 3 дана;

— Компьютер – 2 дана;

— Ноутбук – 3 дана;

— Принтер-3 дана.

— Түрлі-түсті принтер – 1 дана

Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы»,«Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы»,  дамытушы  кеңістік орта жасақталған.